Жыл басынан бері жолаушылар поездарынан акті бойынша мас күйінде болған 600 жуық азамат түсірілді - Көлік полициясы

Жыл басынан бері жолаушылар поездарынан акті бойынша мас күйінде болған 600 жуық азамат түсірілді - Көлік полициясы

2025 жылдың 10 айында Көліктегі полиция департаменті қызметкерлері жолаушылар поездарында жасалған 620 құқықбұзушылықты анықтады.

Статистикалық деректер ең жиі кездесетін оқиғалар алкогольді шамадан тыс пайдалану салдарынан болатындығын көрсетеді. Департаментте тіркелген құқықбұзушылықтардың 581-і азаматтардың ішімдік ішіуімен байланысты болса, 17-сі – ұсақ бұзақылық бойынша тіркелген және басқа да заңбұзушылықтар.

Мәселен, өткен тәулікте Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу станциясында көлік полицейлері поезд бастығының актісі бойынша 39 және 42 жастағы екі ер адамды поездан түсірді. Ішімдікке сылқа тойып алған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеру барысында олардың бірінің бұған дейін де осындай құқықбұзушылық жасағаны анықталды. Енді оған қайталап жасаған құқықбұзушылық үшін 5 тәулікке дейін әкімшілік қамау түріндегі жаза қарастырылуда.

Дәл осыған ұқсас жағдайлар Қызылорда облысындағы Жосалы және Жетісу облысындағы Үштөбе станцияларында да тіркелді. Түнгі уақытта тыныштықты бұзып, шу шығарған мас жолаушылар да алкоголь ішу және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

 

Көліктегі полиция департаменті азаматтарды сапар кезінде өзге жолаушыларға құрметпен қарап, тәртіп сақтауға тиіс екендіктерін еске салады. Сондай-ақ, алкогольді шамадан тыс пайдалану адамды қоғамға қауіп төндіретін қылмыстар жасауға итермелейтінін ескертеді.