
Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз тұрып, жұмыс істеген шетел азаматтарын анықтады.
Сексеуіл станциясындағы теміржол вокзалының құрылыс алаңында 14 Өзбекстан Республикасының азаматы тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек еткен. Тексеру барысында олардың уәкілетті органдар берген еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаттары болмағаны анықталды.
Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шетел азаматтарын елден шығару және Қазақстан Республикасына 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салу туралы шешім қабылдады.
Көлік полицейлері көші-қон заңнамасын сақтау шетел азаматтары үшін де, еңбек мигранттарын жұмысқа тартатын жұмыс берушілер үшін де міндетті екенін еске салады.