«Заңсыз келуші-2025» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы: көлік полицейлері бес күнде 191 құқықбұзушыны анықтады

«Заңсыз келуші-2025» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы: көлік полицейлері бес күнде 191 құқықбұзушыны анықтады

2025 жылғы 13–17 қазан аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болуын анықтауға және заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған «Заңсыз келуші-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Бес күн ішінде көлік полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған 191 адамды анықтады, олардың 160-ы шетел азаматтары. Анықталғандардың ішінде 145 адам  ТМД елдерінің азаматтары, 15 адам алыс шетел азаматтары.

Сот шешімімен 26 шетелдік ҚР аумағынан тысқары шығарылды.

Мәселен, Шымкент қаласы әуежайы аумағын тексеру барысында көлік полицейлері Өзбекстан Республикасының 5 азаматының уәкілетті органның рұқсатынсыз құрылыс алаңында заңсыз жұмыс істегенін анықтады.

Дәл осыған ұқсас жағдай Атбасар теміржол станциясында тіркелді. Мұнда Түрікменстан Республикасының 3 азаматы да заңсыз еңбекпен айналысып жүргені белгілі болды.

Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

«Нелегал-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы – көлік инфрақұрылымы нысандарындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстың бір бөлігі. Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, заңсыз көші-қон деректерін анықтауға және елдегі көші-қон ахуалын тұрақтандыруға бағытталады.

Көліктегі ПД азаматтар мен жұмыс берушілерді Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға шақырады.