
Көліктегі полиция департаментінде жеке құрамның қысқы киім нысанына ауысуына байланысты саптық байқау өткізілді.
Іс-шараға департамент басшылығы мен көлік полициясының барлық жеке құрамы қатысты. Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ондасын Аштаев формалық киімнің жағдайын, жетондар мен төсбелгілердің болуын, қызметтік куәліктердің сәйкестігін, сондай-ақ қызметкерлердің саптық даярлығы мен сыртқы келбетін тексерді.
«Мұндай саптық байқаулар полицейлердің саптық мәдениетін арттырып, тәртіп пен жинақылықты нығайтуға ықпал етеді. Тәртіп сақшысының ұқыпты сыртқы келбеті азаматтардың сенімін қалыптастырып, полиция органдарының беделін көтеруге мүмкіндік береді», — деді Ондасын Аштаев.
Қызметкердің ағымды сыртқы келбеті – оның ішкі тәртібі мен кәсіби біліктілігінің көрінісі.
Саптық байқау салтанатты шерумен аяқталды.
Департаменттің дәстүрлі саптық байқаулары барлық аумақтық бөліністерде өтеді.
Еске сала кетейік, мұндай іс-шаралар жылына екі рет, яғни, көктемде -жазғы, ал күзде - қысқы киім нысанына ауысу кезінде өткізіледі. Бұл ІІО қатарында тәртіп пен саптық дайындықты сақтау ісінің маңызды бөлігі болып табылады.