Әуе рейсінде ұсақ бұзақылық жасаған мас жолаушы қамауға алынды

Әуе рейсінде ұсақ бұзақылық жасаған мас жолаушы қамауға алынды

«Камрань – Астана» бағытындағы әуе рейсі елорданың халықаралық әуежайына қонғаннан кейін, 30 жастағы Астана тұрғыны акт негізінде ұшақтан түсірілді.

Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ұшу барысында жолаушының алкогольдік масаң күйде болғанын, балағат сөздер айтып, экипаж мүшелерінің заңды талаптарына бағынбағанын анықтады.

Көлік полицейлері ер адамды алкогольдік ішімдіктерді iшкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені, сондай-ақ әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартып, айыппұл салды.

Бұдан бөлек, сот шешімімен құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.

 

Көліктегі ПД қоғамдық орындарда, соның ішінде әуе кемесінде де тәртіп сақтау қажеттігін ескертеді. Заң талаптарын бұзу әкімшілік, ал кейбір жағдайда қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.