Көліктегі полиция департаментінде ҚР ІІМ ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өміррзақ Болсамбековпен жұмыс кездесуі өтті. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің ІІМ кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында полиция қызметінің негізгі бағыттары, атап айтқанда заңдылықты нығайту, тәртіп пен қызметтік жауапкершілікті арттыру, тәлімгерлік институтын дамыту, сондай-ақ азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері талқыланды.
Әсіресе, қызметкерлердің патриоттық тәрбиесіне, кәсіби этиканы қалыптастыруға және полиция қызметкерлеріне деген қоғам сенімін арттыруға ерекше назар аударылды.
Жеке құрам алдында сөйлеген сөзінде Өмірзақ Болсамбеков әрбір қызметкердің қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын қатаң ұстанудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында департамент басшылығы Өмірзақ Қоспанұлына ішкі істер жүйесін дамытуға қосқан көпжылдық үлесі, белсенді азаматтық ұстанымы мен жас қызметкерлерді патриоттық және кәсіби тұрғыда тәрбиелеуге қосқан баға жетпес қолдауы үшін алғысын білдірді.