2025 жылғы 24 шілдеде Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері «Қарасора-2025» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының «Аспара–Құмөзек» аралығы ауданында қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, жабайы өсетін марихуананы жинау кезінде бір топ адамды ұстады.
Тексеру барысында ұсталғандардан жалпы салмағы 53 килограмнан асатын алты қап марихуана тәркіленді. Сондай-ақ барлық тұлғаның бұрын сотты болғандары және Жамбыл облысының тұрғындары екені анықталды.
Есірткі заттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті процессуалдық шаралар жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.