Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде синтетикалық есірткіні заңсыз сатуға қатысы бар 24 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады.
Оның мессенджер арқылы ұсынысқа келісіп, қала аумағында психотроптық заттарды «закладка» әдісімен тарату арқылы «оңай табыс» табуды көздегені анықталды.
Көлік полицейлерінің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде заңсыз әрекет уақтылы анықталып, жолы кесілді. Күдіктіні ұстау барысында одан бөлшектеліп оралған ірі көлемдегі мефедрон тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Сот қаскүнемді 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Көліктегі полиция департаменті есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Мұндай «жұмыс» – жеңіл табыс табудың жолы емес, түрмеге апаратын жол. Күмәнді ұсыныстарға алданбаңыздар, болашақтарыңызды ойлаңыздар.