Көліктегі ПД: жарты жылда әуе және теміржол көлігінен 600-ден астам құқық бұзушы түсірілді

Көліктегі ПД: жарты жылда әуе және теміржол көлігінен 600-ден астам құқық бұзушы түсірілді

Осы жылдың алты айында Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар пойыздары мен әуе кемелерінде түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін акт бойынша 638 адамды түсірді. Оның 363-і жолаушылар пойыздарынан, 275-і әуе көлігінен түсірілген. Бұл туралы Көліктегі ПД бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов хабарлады.

Оның айтуынша, 2 шілде күні «Стамбұл – Астана» бағытындағы әуе рейсі елорда әуежайына қонғаннан кейін, әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері шетелдік құқық бұзушыны анықтап, ұстаған.

«Тексеру барысында көлік полицейлері 40 жастағы Грекия азаматының ұшақтың әжетханасында электронды темекі шеккенін анықтады», – деді полиция полковнигі.

«Шетел азаматы әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК (196 600 теңге) көлемінде айыппұл арқалады», – деп түйіндеді сөзін ол.