Көліктегі ПД: жыл басынан бері 2000-нан астам тиісу фактілері тоқтатылды

Көліктегі ПД: жыл басынан бері 2000-нан астам тиісу фактілері тоқтатылды

Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің әуе және теміржол көлігі объектілерінде қоғамдық орындарда тиіскені үшін 2149 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 525 заңсыз такси жүргізушісі. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Шымкент қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері 38 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Ол жолаушылардың мазасын алып тиісіп, жеке тасымалдау қызметін ұсынып, әуежай қызметкерін балағаттаған.

«Көлік полицейлері құқықбұзушыны қоғамдық орындарда тиіскені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартты. Іс материалдары сотқа жолдандыі», - деді полиция полковнигі.

 

Еске сала кетейік, әуеежайларда, теміржол вокзалдарында және басқа да қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиісуге және ұсақ бұзақылыққа жол берілмейді. Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, жолаушыларға ыңғайсыздық туғызады және көлік объектілерінің, тіпті  тұтастай бүкіл елдің имиджіне айтарлықтай нұқсан келтіреді.