Халықаралық музей күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов СҚО ПД музейінің қызметкерлері — меңгеруші Любовь Осинская мен қорларды сақтаушы Нина Бенграфты кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Полиция департаментінің музейі жеке құрамды патриоттық рухта тәрбиелеуде ерекше орын алады. Мұнда жүйелі түрде экскурсиялар, ерлік сабақтары, ішкі істер органдары ардагерлерімен кездесулер мен жас қызметкерлерге алғашқы арнайы атақтарды табыстаудың салтанатты рәсімдері өткізіліп тұрады. Бұл іс-шаралардың барлығы музей қызметкерлерінің тікелей қатысуымен және олардың жетекшілігімен өтеді.
Любовь Осинская тарихи материалдарды ведомстволық және өңірлік баспасөзде белсенді жариялап келеді, сондай-ақ музей экспонаттары, аты аңызға айналған қызметкерлердің өмірлік жолы мен өңірлік полиция бөлімшелерінің қалыптасуында маңызды рөл атқарған оқиғалар туралы бейнероликтер циклін жүргізеді.
Айдын Қабдұлдинов аға ұрпақ өкілдеріне кәсібилігі мен іске деген адалдығы үшін шынайы алғысын білдіріп, олардың зор еңбегінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ музей қызметкерлерінің тарихты сақтаудағы және ведомствоның қызметтік дәстүрлерін нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.