Құрмет пен тағзым: полицейлер Жеңіс күні қарсаңында тыл еңбеккерлерін құттықтады

Құрмет пен тағзым: полицейлер Жеңіс күні қарсаңында тыл еңбеккерлерін құттықтады

Жеңіс күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және Қызылжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 88 жастағы ішкі істер органдарының ардагері, тыл еңбеккері Александр Петрович Чубыкиннің отбасына арнайы барып, құрмет көрсетті.

Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин Александр Петрович пен жұбайы Татьяна Михайловнаға «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдарын табыстап, олардың өмірлік және еңбек жолына терең ризашылығын білдірді. Чубыкиндер отбасы ұрпақ тәрбиесінде өнеге көрсетіп, отбасында мейірім мен патриоттық рухты сақтап келеді.

Құттықтау сөздеріне ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов пен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қосылып, ардагер мен оның отбасына зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Аға буынның еңбек және жауынгерлік ерлігі – қазіргі ұрпақ үшін маңызды өнеге. Мұндай кездесулер жастарға батырлық тек майданда ғана емес, күнделікті еңбекпен де көрінетінін еске салады.