2025 жылғы 5 мамырда Ақордада өткен салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар офицерлер мен сарбаздарға мемлекеттік наградалар табыстады. Олардың қатарында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Ольга Кангозина да бар. Ол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды .
ТенгриНовости
Бұл марапат әскери қызметшілерге, күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен бастамашылдығы үшін беріледі.
Ольга Кангозина бұл марапатқа 2021 жылдың қаңтар айында жасаған ерлігі үшін лайық деп танылды. Сол кезде ол Хлеборобное ауылындағы сайлау учаскесінде қызметте жүріп, Рощино ауылы тұрғынының шұғыл босануына фельдшермен бірге көмектесті, жедел жәрдем келгенше сәбиді аман-есен дүниеге келуіне жағдай жасады. Оның айтуынша, бұл оқиға оның қызметіндегі қатты толқыған сәттердің бірі болған.
Полиция майоры Ольга Кангозина тергеушіден бастап аға жедел уәкілге дейінгі жолдан өтіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, қиын жағдайда шешім қабылдай алатын батыл қызметкер ретінде танылды.