Полицейлер экологиялық акцияны қолдады

Полицейлер экологиялық акцияны қолдады

3 мамыр, сенбі күні солтүстікқазақстандық полицейлер қызмет атқаратын әкімшілік ғимараттардың маңында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.

Құқық қорғау қызметкерлері былтырғы жапырақтарды жинап, тротуарларды сыпырып, жиектастарды сырлап, ағаштарды әктеді.

Сенбілік Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау мақсатында елімізде өткізіліп жатқан TURAQTY JOL 6.0 Ұлттық әлеуметтік экокампаниясы аясында ұйымдастырылды.

Жұмыс кестелерінің тығыздығына қарамастан, ішкі істер органдарының қызметкерлері мұндай шараларға дәстүрлі түрде қатысып, қаланы көркейтуге және оның экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосып келеді.