
11 сәуір күні таңертең М.Жұмабаев ауданының Булаево қаласында белгісіз адам 62 жастағы жергілікті тұрғынның қолынан сөмкесін жұлып алып қаша жөнелген. Сөмкеде теңгемен, рубльмен және евромен 4,7 миллионнан астам ақша қаражаты болған. Жәбірленуші бірден полицияға жүгінді. Ол қылмыскердің бет-әлпетін көріп те үлгермеген. Дегенмен, жедел уәкілдердің сауатты іс-әрекеттерінің және бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексерудің арқасында күдіктілерді «ізін суытпай» ұстау мүмкін болды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 50,43, 34 жастағы үш күдіктіні әшкереледі. Олардың жәбірленушінің ізіне түсіп, бірнеше күн бойы аңдығаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері олардың басқа эпизодтарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Топ құрамында ірі көлемдегі тонау жасағандары үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.