Полицейлер есірткіге қарсы фильмді түсіруге атсалысқан студенттерді марапаттады

Полицейлер есірткіге қарсы фильмді түсіруге атсалысқан студенттерді марапаттады

Жыл басынан СҚО-да колледждің 3 студенті есірткі сатқаны үшін сотталды. Жастар есірткі қылмысына кіріп кетпеу үшін полицейлер алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Кеше «Жасөспірім» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде тәртіп сақшылары Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бастамашылық білдірген «Есірткі жасырушылар. Жаза» деректі фильмінің түсіріліміне қатысқан студенттер марапатталды. Оған түскен жасөспірімдерге және колледж басшылығына полицейлер алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Тәртіп сақшылары жыл басынан облыста 106 есірткі құқық бұзушылығы, оның ішінде 39 есірткі өткізу фактісі анықталғанын айтты. Заңсыз айналымнан 27 кг. астам есірткі, оның ішінде 2,5 кг. астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Көкшетау мен Астана қалаларынан «синтетиканы» жеткізудің 3 тұрақты арнаның жолы кесілді.

Кездесуге прокуратура қызметкерлері мен есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу кеңесінің мүшесі, блогер және журналист Руфия Мұстафина қатысты. Олар полициямен бірге жастарды нашақорлыққа берілмеуге немесе есірткі бизнесіне қатыспауға, өз тағдырларын бұзбауға шақырды.

Заңды табыс табудың көптеген жолдары бар. Ал есірткімен байланыссаңыз, жеті жыл өміріңіз темір тордың арғы жағында өтеді. Жаңа заңнама бойынша ірі көлемде есірткі таратушылар үшін осындай ең төменгі жаза көзделген. Ал есірткі саудасын ұйымдастырушылар үшін 15 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Полицейлер жастарды салауатты және белсенді өмір салтын ұстануға, Заң мен Тәртіп идеясын құрметтеуге шақырды.