Мереке күндері солтүстікқазақстандық полицейлер күшейтілген түрде қызмет атқаруда. Наурыз мейрамын мерекелеу күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 500-ден астам полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды.
Ал облыс орталығы тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын мерекелік іс-шаралар өтіп жатқан орындарға жақындатылған жаяу жасақтар мен автопатрульдер күзетеді. Сондай-ақ көшелердегі тәртіпті бейнебақылау камераларының көмегімен жедел басқару орталығының инспекторлары қадағалайды.
Полицейлердің айтуынша, басты міндет – өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен жайлылығын барынша қамтамасыз ету.