ПД бастығы Петропавлда полиция қызметкерлерінің мерекеге даярлығын тексерді

ПД бастығы Петропавлда полиция қызметкерлерінің мерекеге даярлығын тексерді

Петропавл қаласында полицияның кешенді күштерінің гарнизондық саптық қарауы өтті. СҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдулдинов құқықтық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің дайындығын тексерді.

Ол жеке құрамға қырағы және мұқият қызмет атқаруды, кез келген төтенше жағдайға дайын болуды, «Заң және Тәртіп» қағидаларын қатаң ұстануды, сондай-ақ кез келген құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатын сақтауды тапсырды.

Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін автопатрульдер мен жаяу жасақтар халық көп жиналатын орындарға жақындатылатын болады. Жүздеген полиция қызметкері тұрғындар мен қонақтардың көктемнің жарқын мерекесін тыныш қарсы алуы үшін қызметтік міндеттерін атқарады.

Саптық қарау аяқталған соң қызметкерлер оркестрдің сүйемелдеуімен сап түзеп жүріп өтті және қызмет атқару орындарына тарады.