Солтүстікқазақстандық полицейлер жуырда Астана қаласында MMA Free Fighting бойынша өткен әлем чемпионатынан чемпион белбеуімен, медальдармен және грамоталармен оралды. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері полиция майоры Ибрагим Беков пен полиция аға лейтенанты Айдархан Кайруллин алтын медальдарға, ал полиция капитаны Абылайхан Өмірзақ қол медальға қол жеткізді.
Төрт күндік Чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен мың жарым спортшы қатысты. Ибрагим Беков 71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті және бірден «грэпплинг», «шок» бөлімдерінде жеңіске жетті. Айдархан Кайруллин 77 келіге дейінгі салмақта «шок» бөлімінде кездесу өткізіп жеңімпаз атанды. Абылайхан Өмірзақ 84 кг. және одан жоғары салмақта рингке шығып, қол медальды иеленді.
СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов спортшы-полицейлерді жедел кеңеске қатысып отырған жеке құрамның алдында құттықтап, олардың спорттық жетістіктеріне жоғары бағасын берді. Темірдей тәртіпті ұстанатын, ауыр жұмысқа дайын, жеңіске деген ұмтылысы жоғары осындай қызметкерлер барлық жеке құрам мен жастар үшін нағыз үлгі.