СҚО-да полицейлер жалған ақпарат таратқан петропавлдықты жауапкершілікке тартты

СҚО-да полицейлер жалған ақпарат таратқан петропавлдықты жауапкершілікке тартты

21 сәуір күні полицейлер Instagram желісінде Сергеев су қоймасы көрсетілген бейнематериалды анықтады. Видеода қоймадағы судың арнасынан асып төгілуі 4 метрді құрағаны айтылған. Шын мәнінде, аталған қоймадағы судың биіктігі әлдеқайда азайған. Осылайша, автор судың шынайы деңгейін бұрмалап, жалған ақпарат таратқан. Ол 25 жастағы петропавлдық болып шықты. Оның сөзінше, бұл ақпаратты сол жерде бейнеконтент түсіріп жатқан бейтаныс адамның сөздерінен естіген.

Қала тұрғыны өз кінәсін мойындады. Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабына (жалған ақпарат орналастыру, тарату) сәйкес жеке тұлғалар үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл көзделгенін еске салады.