Адамдар да, жануарлар да аман: СҚО-да полиция мен ТЖ қызметкерлері Большая малышка ауылының тұрғындарын тез арада шығарып үлгерді

Адамдар да, жануарлар да аман: СҚО-да полиция мен ТЖ қызметкерлері Большая малышка ауылының тұрғындарын тез арада шығарып үлгерді

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында басқа елді мекендермен бірге Большая Малышка ауылын да су басты. Жергілікті тұрғындар дайын болғанымен, Есіл өзенімен осыншама көп судың келетінін күтпеген. Ауылда ондаған жылдар бойы тұрып келе жатқан тұрғындардың айтуынша, бұрын арнасынан шыққан өзен тек Береговая көшесіндегі үйлерге қауіп төндірген.

Бұл жолы ауылдағы үйлердің басым бөлігін су басқан. Өзен бойымен ұмтылған су ауылдың ішіне түнгі сағат бір кезінде келген. Адамдарды құтқаруға алғашқылардың бірі болып аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері келіпті. 15 сәуір күнгі жағдайға сәйкес, су әлі де келіп жатыр.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов хабарлағандай, судың қарқынына қарамастан, тұрғындарды эвакуациялау ойдағыдай өткен. Ауылдықтарды тәртіп сақшылары алдын ала хабардар еткен. Барлығы мал-мүлкін жиыстырып, кетуге дайын болған. Адамдардың арасында зардап шеккендер жоқ.