Эвакуация сәттері: Петропавлда полицейлер адамдарға көмектесуде

Эвакуация сәттері: Петропавлда полицейлер адамдарға көмектесуде

СҚО полиция департаментінің және Петропавл қ. полиция басқармасының қызметкерлері басқа шұғыл қызметтермен бірге адамдарға көмек көрсетуде.

Халықты эвакуациялау жұмыстары алдын ала басталды. Тәртіп сақшылары үй-үйді аралап, су тасқыны болуы мүмкін аймақтан шұғыл шығу қажет екенін айтты, қажет болған жағдайда заттарын тиеуге көмектесті.

Куйбышев орман шаруашылығы ауданында полицейлер үйлердің бірінде денсаулығына байланысты өздігінен қозғала алмайтын қарт әйелді байқады. Олар «жедел жәрдем» шақырып, медицина қызметкерлеріне зейнеткерді көтеріп шығаруға көмектесті. Оның ұлы заттарын жинау үшін үйінде қалды.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері адамдарға білек сыбана көмектесіп жүр. Олардың көмегі қолдан жасалған бөгетті су бұзғаннан кейін Ойқала тұрғындары үшін аса қажет болды.

«Үйлердің кейбірінде отырған азаматтар судың келіп қалғанын мүлдем білмеген. Мысалы, үйлерінің маңын су басқанын ерліп-зайыпты қарттар біз айтқанда ғана білді. Олар жайбарақат теледидар көріп отырған. Дереу оларды шығарып алдық», - дейді жасақтың командирі полиция подполковнигі Самат Жантасов.

Полиция бөліністерінің қызметкерлері көптеген тұрғындарды эвакуациялауға, заттар мен үй жануарларын шығаруға көмектесті.