СҚО-да полицейлер су тасқынымен байланысты жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тартты

СҚО-да полицейлер су тасқынымен байланысты жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тартты

Полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарынан тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды.

Жалған жаңалықтар адамдарға жағдайды толық түсінуге кедергі келтіреді. ТЖ кезінде біреулер тіпті жалған қауесеттерге де сенуі мүмкін. Мысалы, «TikTok» әлеуметтік желісінде Петропавлдағы су басқан Ойқала ауданында сумен бірге қасқырлар мен жабайы қабандар пайда болды деген хабарлама тарады. Полицейлер жалған ақпарат таратушыны анықтады – ол 20 жастағы Петропавл тұрғыны болып шықты.

Жігітпен құрдас қыз бала дәл осы әлеуметтік желіде тасқын суға екі бала батып кетті деген жалған ақпарат таратты. Бұл ақпарат та жалған.

«Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратушылардың екеуіне де қатысты әкімшілік материал жиналып жатыр. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі «Жалған ақпарат орналастыру, тарату» бойынша оларға 20 айлық есептік көрсеткішке дейін көлемде айыппұл салынуы мүмкін», - деп хабарлады СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.