Профилактикалық іс-шараны полицейлер Петропавл қаласындағы № 11 учаскелік полиция пунктінің аумағында - «Айсберг» дүкенінен 19-шы шағын ауданға дейін өткізді. Жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік полицияның қызметкерлері және жедел уікілдер бұрын сотталған, отбасылық жанжал шығаруға әуес, маскүнем тұрғаларды, кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленетін қолайсыз отбасыларды мен басқа да есепке алынған адамдарды, сондай-ақ притондар болуы мүмкін деген орындарды тексерді.
Бүгінгі таңда кең таралған қылмыс түрлерінің бірі - интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмысы да тыс қалған жоқ. Ұйымдар мен көпшілік орындарда, тұрғылықты жеріне барған кезде тәртіп сақшылары желілік алаяқтардың қулықтары туралы жадынамалар таратты.
Сонымен қатар, 49 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде 9 факті абаттандыру ережелерін бұзу болып табылады. Сондай-ақ, алкогольдік өнімдер сататын дүкендердің маңында көпшілік пайдаланатын орындардың ластануының және қайыр сұраудың 4 жағдайы тіркелген.
"Рейдтердің негізгі мақсаты - мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытталған. Қоғамдық орындарда мас күйінде болудын 3 фактісі анықталды. Осындай жағдайлардың бірінде бұрын осыған сияқты құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған 35 жастағы қала тұрғынын әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдауға тура келді. Дүкендердің бірінде алкогольді өнімдерді сағат 12-ге дейін сатылу фактісі анықталды. Бұдан басқа, қабылдап-тарату орнына тұрғылықты жері жоқ 9 адам жеткізілді", - деп хабарлайды Петропавл қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айдын Ахмағамбетов.
Сондай-ақ, қару иелерінеде ерекше назар аударылады. Қаруды қайта тіркеу мерзімін өткізіп алған аңшылардың біріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұзушылық жойылғанға дейін оған тиесілі 3 қару тәркіленіп алынды.
Тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде жүргізуде.