СҚО-да есірткі жасырушылардың жартысы – 25 жасқа дейінгі жастар

СҚО-да есірткі жасырушылардың жартысы – 25 жасқа дейінгі жастар

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавлда синтетикалық есірткі өткізді деген күдікпен жас жігітті ұстады. Есірткі дилерлеріне үй ай жұмыс істеген жігіт сот күтіп тұр. Футболқұмар 18 жастағы жігіт жуырда оқуын тастап кеткен, ал тамыз айының соңында Я.Гашек көшесінің бойында оны полицейлер ұстады. Одан ішінде кристалл тәрізді көгілдір түсті зат бар 19 «зиплок» пакеті салынған екі түйіншек және сарғыш түсті дәл осындай зат салынған 10 пакет тәркіленді. Сондай-ақ тәркіленгендердің арасында тағы 2 «зиплок» пен 3 түтік бар. Бұларды есірткіні қабылдағанда қолданады. Тіпті пакеттердің ішінде психотроптық заттардың қалдықтары қалып қойған.

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 25,15 грамды құраған α-PvP психобелсенді есірткісі болып табылады. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

«Жас жігіттің айтуынша, есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде 3 ай жұмыс істеген, - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров. – СҚО-да есірткі жасырушылар орташа есеппен 2-3 ай ғана жұмыс істеп үлгереді. Кейін полицияның қолына түседі. Ал есірткі сатушылар оңай ақша тапқысы келіп жүрген немесе бір ғана доза үшін жұмыс істеуге дайын келесі адамды қашықтықтан отырып іздей бастайды».

СҚО полицейлері 9 айдың ішінде есірткі өткізді деген күдікпен 102 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты, олардың 48-і – 17 мен 25 жас аралығындағылар. Тәртіп сақшылары есірткі қылмысы үшін көзделген жауапкершілік туралы жастарға түсіндіріп, алдын алу жұмыстарын жүргізіп тұрады. Жыл басынан заңсыз айналымнан 730 келіден астам есірткі тәркіленді, оның 2 кг. 287 грамы синтетикалық есірткілер.


#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia