СҚО-ның 5 полицейі Қарағандыда өтетін Free fighting ММА-да облыс намысын қорғайтын болады

СҚО-ның 5 полицейі Қарағандыда өтетін Free fighting ММА-да облыс намысын қорғайтын болады

СҚО-да 13 және 14 қазанда Қарағанды қаласында өтетін ММА Free fighting бойынша Қазақстан кубогында облыстың спорттық намысын қорғауға баратын команда құрамы анықталды.

Іріктеу жарысы "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалы базасында өтті. Спортзалда үміткерлердің жекпе-жегі өтетін октагон орнатылды. Жарыс қорытындысы бойынша командаға 6 жастан асқан 10 жас спортшы кірді. Олар "Жас Динамо" жобасы аясында SUNQAR аралас жекпе-жек федерациясының тегін балалар секциясында оқиды. Жас спортшыларды арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкері полиция аға лейтенанты Марлен Баранбаев тәрбиелеп отыр. Сондай-ақ, командаға СҚО полиция департаменті аппаратының 5 қызметкері енді.

"Қарағандыда өтетін жарыстың нәтижесі ММА free fighting бойынша Азия Кубогына іріктеу болмақ", - дейді Мәрлен. — СҚО ПД басшылығы қызметкерлердің спорттық талпыныстарын көтермелейді: спорт мінездің шыңдалуына ықпал етеді, құқықтық тәртіпті сақтау қызметінде қажетті жеке қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Қызметкерлерге қарап, біздің жас балаларымыз отансүйгіштікке, табандылыққа үйренеді".

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia