СҚО-да 630-дан астам мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да 630-дан астам мас жүргізуші ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында автопатрульдер мен полиция жасақтары жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтауға бағытталған. Басым бағыт – мас күйде көлік құралдарын басқару фактілері. 27 қыркүйектен бастап облыста «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматовтың айтуынша, іс-шараның алғашқы тәулігінде өңір жолдарында жол жүрісі қағидаларының 340 астам бұзушылығы анықталған. Көлікті мас күйде басқарған 6 жүргізуші ұсталды. Бұрын көлік басқару құқығынан айырыла тұра тағы да көлік тізгінін ұстаған үш адам жауапқа тыртылды. Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін пайдаланбаудың – 33, көлік басқарып келе жатып телефон пайдаланудың 26 фактісі тіркелді. Жылдамдық асырғаны үшін – 28, жолдың қарсы бөлігіне шығып жүргені үшін – 1 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Жолдың рұқсат етілмеген жеріненғ бағдаршамның тыйым салынған түсіне өткені үшін 57 жаяу жүргінші жазаланды. «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы 1 қазан күні аяқталады.

Жыл басынан облыста көлікті мас күйде басқарған 630 астам жүргізуші ұсталды.

8 айда облыс жолдарында 225 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 28 адам қаза тауып, 327 адам жарақаттар алды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia