Петропавлдан 200 км жерде тұрғын үймен біріктірілген жаңа учаскелік полиция пункті салынып, пайдалануға берілді

Петропавлдан 200 км жерде тұрғын үймен біріктірілген жаңа учаскелік полиция пункті салынып, пайдалануға берілді

Шал ақын ауданы Городецкое ауылында учаскелік полиция пункті кеңсесі мен инспектордың отбасына арналған қызметтік тұрғын үйден тұратын жаңа үй пайдалануға берілді. Жаңа ғимараттың ашылуына аудан әкімі Рахат Смағұлов, Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдулдинов, ақсақалдар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа ғимарат Центральная көшесі, 19 мекенжайында орналасқан. Аумағы - 100 шаршы метрден асады, кеңсеге телефон және интернет байланысы жүргізілді, жиһаз, тұрмыстық техника және жұмысқа қажеттінің барлығы бар. Городецкое ауылы ауылдық округтің орталық ауылы болып табылады, құрамында Жалтыр, Мерген, Бағанаты, Коноваловка ауылдары да бар. 2021 жылдың қараша айынан бастап аталған округке учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция аға лейтенанты Рустам Нұрғалиев қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері ауылдық округте 150 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды; ауыр қылмыстар тіркелген жоқ. Аға лейтенант Нұрғалиевтің жұбайы және екі кішкентай баласы бар. Олар жаңа, кең үйде тұратын болады. Қызметтік және тұрғын үй-жаймен танысқан облыстық полиция бастығы Айдын Қабдұлдинов алдағы уақытта қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында жергілікті полиция қызметкері үшін барлық жағдай жасалғанын және ауыл тұрғындарына көмектесіп, олардың барлық өтініштері мен тілектеріне жауап бере отырып, қызметті адал атқару қажеттігі туралы атап өтті.

Ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен жиналыста аудан әкімі Рахат Смағұлов үйді салу мен ұйымдастыруда жергілікті тұрғындарды, мердігерлерді, әсіресе ЖШС басшысы Александр Черкасты ерекше атап өтті. Бірқатар ауыл тұрғындары, сондай-ақ Шал ақын ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудан әкімінің құқығымен және Полиция департаментінің грамоталарымен марапатталды.

Іс-шара соңында облыстық Полиция департаменті Мәдени орталығының вокалдық тобы өнер көрсетті. Концерт Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналды. Погондағы әртістер ауыл тұрғындарына оннан астам ән шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады, көрермендер ду қол шапалақ соқты.

2021 жылдан бастап Петропавл қаласында, сондай-ақ Мамлют және Уәлиханов аудандарында жергілікті атқарушы органдар мен ауыл шаруашылықтары басшыларының қолдауымен тұрғын үймен біріктірілген алты учаскелік полиция пункті салынды және пайдалануға берілді. Бұл жұмыс жалғасуда, жақын арада облыстың бірқатар аудандарында қызметтік үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда.