СҚО полициясы Telegram-да ресми арна ашты

СҚО полициясы Telegram-да ресми арна ашты

Солтүстікқазақстандық полиция Telegram мессенджерінде @sqo_pd атауымен ресми арнасын ашты. Арна ведомствоның маңызды жаңалықтары туралы облыс тұрғындарын ақпараттандыру, хабарландыруларды, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың, оның ішінде интернет-алаяқтықтың құрбанына айналмас үшін профилактикалық ұсынымтарды жариялау үшін жасалды. Бұл бастама «жұртқа жақын полиция» қағидатын жүзеге асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті әлеуметтік желілерде 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді, яғни ведомствоның баспасөз қызметімен ВКонтакте и Facebook-те ресми пабликтер ашылған болатын. Қазіргі уақытта ресми хабарламалар, баспасөз-релиздері мен ұсынымдардан тұратын коллаждар мемлекеттік және орыс тілдерінде күнде ВКонтакте және Facebook, Instagram, Twitter, «Одноклассники», «Мой мир» парақшаларында жарияланып тұрады. Сондай-ақ, СҚО полициясы танымал YouTube бейнехостингінде де бар. СҚО Полиция департаментінің желідегі жазылушыларының жалпы саны 61 300-ден асады. Аталған желі қолданушыларының басым бөлігі СҚО Полиция департаментінің Instagram-дағы аккаунтына жазылған және 37 800 жазылушыны құрайды.

СҚО Полиция департаментінің Telegram арнасына жазылу үшін https://t.me/sqo_pd сілтемесіне өту қажет. Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық орын алған жағдайда полицияға шұғыл «102» нөмірі немесе «102» мобильдік қосымшасы (ҚР ІІМ-нің App Store және Google Play-дегі ресми қосымшасы) арқылы шұғыл хабарласу қажет болса да, СҚО Полиция департаментінің Telegram арнасында «Кері байланыс боты» сыналуда, оның деректері арнаның сипаттамасында көрсетілген. Ботқа жіберілген ақпарат, жүгінгендердің байланыс деректері мен телефон нөмірлері, нақты мекенжайлар мен оқиғаның күні мен уақыты болған жағдайда жылдам тексерілетін болады.

#ҚРІМ #МВДРК #КНИИМ #МВДРК # Полиция #Полиция #Полиция # СКОПД # СКО_ПД # СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО