Жыл басынан СҚО полицейлері 111 ұялы телефон ұрлығын тіркеді

Жыл басынан СҚО полицейлері 111 ұялы телефон ұрлығын тіркеді

Ұрланатын заттардың басым бөлігі ұялы телефондар. СҚО полицейлері адамдарды өз мүліктеріне сақ болуға шақырады. Тәжірибе көрсеткендей, мобильді телефондар ұрлығы көбіне иелерінің мүліктерін қараусыз қалдыруынан және бірлесе спирттік ішімдік ішкен отырыстарда орын алып жатады. Үйлерге, автомобильдерге заңсыз енумен байланысты жасалған телефондардың ұрлығы қазір бірлі-жарым. Жыл басынан облыста мұндай 7 ұрлық тіркелген және олардың барлығы ашылған. Полицейлер бұл қылмыс түрінің азаюы байқалатынын айтады.

«Қаңтардан бері барлығы 111 ұялы телефон ұрланған, өткен жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 159 болды, - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев. Бұдан басқа, қызметкерлер келіп түскен ақпараттарды тексеру барысында 72 жағдайда телефон жоғалту фактісін анықтаған. Қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істер тоқтатылды».

Тәртіп сақшылары адамдарды өз заттарына сақ болып, ұрлықтың жасалуына жағдай жасамауға шақырады. Ұялы телефонды, құжаттар мен басқа да бағалы заттарды ішкі қалтаға салған және қараусыз қалдырмаған жөн. Қырағылық қылмыстық қолсұғушылықты болдырмаудың ең тиімді әдісі болып табылады.

#ҚРІМ # МВДРК # КНИИМ # МВДРК #Полиция #Полиция #Полиция       #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО