СҚО полиция бөліністерінің бастықтары халықпен кездесуде

СҚО полиция бөліністерінің бастықтары халықпен кездесуде

Сервистік жұмыс моделі қағидатын жүзеге асыруда солтүстікқазақстандық полиция бөліністерінің бастықтары халықпен кездесулер өткізуде. Кездесудің өткені туралы бейнежазба басшылық құрамының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.

Құқықтық тәртіптің өзекті мәселелерінің бірі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, оның ішінде жасөспірімдердің нашақорлыққа тартылуы болып табылады. Профилактикалық жұмыстарға қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов та қосылды. 11 мамыр күні ол М.Жұмабаев атындағы Гуманитарлық-педагогикалық колледжінің 1-курс студенттерімен кездесті. Ол жыл басынан облыс орталығында 45 есірткі қылмысының анықталғаны, оның 31-і сату фактісі екені туралы атап өтті. Заңсыз айналымнан 17 кг есірткі, оның ішінде 1,133 кг синтетикалық психобелсенді заттар алынған. Қылмыскерлер өздерінің бизнесіне жастарды тартып жатқандығына баса назар аударылды. Айта кететіні, осы жылы екі кәмелетке толмаған қалалық сотталды: синтетикалық есірткі сақтағаны үшін біреуінің 3 жылға бас бостандығы шектелді, екіншісі – марихуана сатқаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек, балаларға «Тұз бен спайстар: кері қайтпас жол» деректі фильмі көрсетілді.

Халықпен осындай тікелей кездесулерді өткізу солтүстікқазақстандық полицияның басшы құрамы үшін дәстүрге айналды. Мәселен, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда полиция бөлімінің бастығы Марат Әлжанов та жастармен кездесті. Полиция подполковнигі агробизнес колледжінің үшінші курс студенттерімен кездесу өткізді. Жастардың көкейіндегі сұрақтардың бірі – жұмысқа орналасу, осы орайда кездесуде ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға түсу шарттары айтылды. Кездесуден кейін үш студент кеңес алу үшін кадр бөліміне жүгінді.

«Біз онлайн форматтан тікелей кездесуге көштік», - дейді СҚО Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов. – Оффлайн кездесулер ададармен қарым-қатынастың тиімділігін арттыруға бағытталған. Өзекті тақырыптар қозғалып, сұрақтарға жауаптар беріледі. Бұл мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындылығы аясында полиция жұмысын құруға бағытталған шаралардың бірі».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО