Петропавл полицейлері 15 күн ішінде 500-ден астам отбасылық жанжалқойды тексерді

Петропавл полицейлері 15 күн ішінде 500-ден астам отбасылық жанжалқойды тексерді

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясының басынан Петропавлда бес әйел полицейлерге заң кеңесін алуға жүгінген. Қойылатын сұрақ біреу-ақ: күйеуім ұрса, не істеуім керек? Тәртіп сақшылары шағым жазу қажет екендігін түсіндірді. Тек шағым ғана учаскелік полицейлердің жағдайды бақылауға алып, профилактикалық жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді. Алайда әйелдердің бірде біреуі алған ақпараттарын пайдаланбады. Тәртіп сақшылары атап кеткендей, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестің басты мәселесі - көптеген нәзік жандылардың өз өмірлерін өзгертуге тырыспауы екен.

Бірер күн бұрын ішімдікті асыра пайдаланатын күйеуінен бірнеше рет жәбір көрген қалалықты Дағдарыс орталығына орналастырдық, - деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының аға инспекторы полиция майоры Әсем Ілиясова. - Бірнеше жыл бұрын күйеуі ауыр дене жарақатын келтірген, сотталған. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін үйдегі тиранды тастап кете алмаған. Жәбірленушілердің арасында мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізу кезінде полицейлердің алдарына қоятын міндеттерінің бірі – азаматтардың құқықтық білімдерін арттыру, әйелдердің құқықтарын қорғау үшін заңмен қарастырылған механизмдерді насихаттау».

Сонымен қатар тәртіп сақшылары қарашаның 25-і мен желтоқсанның 10-ы аралығында өткізіліп жатқан акция аясында есепте тұрған 500-ден астам тұлғаны тұрғылықты жері бойынша тексерді. Әр үйде профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, жауапкершіліктері туралы ескертілді. Акция кезінде құқық бұзушыларға қатысты 84 қорғаныс ұйғарымы шығарылды. 25 ерекше талап белгіленді, мәжбүрлеп емдеуге жодау туралы алкогольге тәуелді 11 тұлғаға қатысты өтініш сотқа жолданды.

Полицейлер үйдегі зорлық-зомбылық мәселесі бойынша 49-31-58 нөмірі (ӘЗҚТ), 8-708-432-45-61 WhatsApp арқылы, сондай-ақ 150 «қауырт желісі» бойынша кеңес беруге әзір екендіктерін еске салады.