100-ден аса солтүстіказақстандық полицей өздерінің кәсіби мерекесінде марапатталды

100-ден аса солтүстіказақстандық полицей өздерінің кәсіби мерекесінде марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Полиция күніне арналған салтанатты жиын өтті. «Полицейдің еңбегіне берілетін басты баға – азаматтардың қауіпсіздігі, олардың тыныштығы мен қорғалуы. Бұған ҚР ІІМ және ел басшылығымен белгіленген міндеттер ықпал етеді. Қазіргі уақытта «жұртқа жақын полиция» қағидасын жүзеге асыру маңызды критерийге айналды. Бұл азаматтардың сенімін арттырып, барлық құқықтық тәртіп қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырады. Әр қызметкер азаматтардың алғысына лайықты болсын деген тілектемін», - деп атап өтті СҚО Полиция департаменті бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев жеке құрамды және ішкі істер органдарының ардагерлерін мерекемен құттықтау сөзінде.

Өздерінің кәсіби мерекесінде 100-ден аса полиция қызметкері марапатталды. Қызметте жоғары кәсібилігімен ерекшеленген бес офицер мерзімінен бұрын кезекті арнаулы атақтарын алды. Аққайың ауданы полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаровқа, ПД Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Александр Тереховке, Айыртау ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Талғат Сабуровқа полиция подполковнигі погондары табыс етілді. Ішкі істер министрлігінің құрмет грамотасымен 28 солтүстікқазақстандық полицей марапатталды. Тағы 70 қызметкер мен ішкі істер органдарының ардагері облыстық полиция ведомствосының құқығымен марапатталды. Марапатталғандарға естелік медальдар, грамоталар және алғыс хаттар табысталды.

Сондай-ақ, салтанатты жиынға Қазақстан полициясы күнін мерекелеу қарсаңында мемлекеттік қызметшілер мен полицейлер әулеті, ішкі істер органдары қызметкерлерінің балалары арасында өткізілген шығармашылық байқаудың жеңімпаздары қатысты. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.