СҚО полицейлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан 8 қызметкерді құрметпен еске алды

СҚО полицейлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан 8 қызметкерді құрметпен еске алды

СҚО полицейлері кәсіби мерекелерін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан бастады. Тақтаға облыс ішкі істер органдарының 86 жылдық тарихында қайғылы із қалдырған сегіз есім қашалып жазылған. Қаза болғандардың алғашқысы - Павел Заикин. Ол 1935 жылы қылмыскерлер тобымен өлтірілген. Мемориал тақтасындағы соңғы есім – СҚО ІІБ жанындағы Күзет басқармасы полиция батальонының жас қызметкері Мұңайтпас Жиентаев. Қызметке не бары үш-ақ жылын арнап үлгерген. Соңғы кезекшілігін сеніп тапсырылған «Казвтормет» ЖШС объектісін күзеткен күні, 1999 жылғы маусымның 20-сы атқарған. 25 жасар полиция сержанты қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскердің қолынан қаза тапты. Қылмыскер пышақ сұғып, екі оқ атқан.

Полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы және ІІО ардагерлері қызмет барысында қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Олардың құрметіне үш мәрте салют берілді. Мемориалға ал қызыл қалампырдан гүл шоқтары қойылды.

Қаза болғандардың ерліктері мәңгі есімізде қала бермек, - дейді СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде өз өмірлерін қиған әр қызметкер – ерліктің, Отанына, халқына, антына деген адалдықтың үлгісі. Оларға деген құрмет жас буын қызметкерлерге адмгершілік бағдары болып табылады».