Халықпен 24 сағат байланыста: учаскелік полиция инспекторы өзінің жұмысы жайлы айтты

Халықпен 24 сағат байланыста: учаскелік полиция инспекторы өзінің жұмысы жайлы айтты

«Жұртқа жақын полиция». Бүгінгі таңда учаскелік полиция инспекторының жұмысына ерекше мән берілуде. Ел Президенті айтқандай, учаскелік инспектор азаматтарға таныс, қолжетімді және беделді болуы керек.

Петропавлдағы 13-ші учаскелік полиция пунктінің учаскелік инспекторы Станислав Алифиренко өткен жылы Мемлекет басшысының алдында барлық учаскелік инспекторлардың атынан пандемия кезіндегі атқарған жұмыстары туралы баяндады. Полицей «Біз біргеміз» онлайн форумына қатысқан. Полиция аға лейтенанты учаскелік инспектор лауазымында 2 жылдан астам қызмет етуде. Бұл қызметте көп уақыт болмаса да, әкімшілік учаскеде полицейді жақсы таниды және оған күн-түні хабарласуда. Жас офицерге түнде де қоңыраулар келіп түсіп тұрады. Көп жағдайда адамдар тыныштықты бұзғандарға шағымданады екен. Станислав Алифиренконың жұмыс күні сегіз жарымнан басталады. Ең алдымен есептегі адамдар тексеріледі. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандардың, шартты түрде босатылғандардың жұмыс істеуі де учаскелік полиция инспекторының назарында. Сондай-ақ, есепте маскүнемдер, нашақорлар да бар.

Алифиренко қызмет көрсететін әкімшілік учаскеде көп қабатты және жер үйлерде 3,5 мыңнан астам адам тұрады. Учаскелік инспектор тұрғындардың басым көпшілігін жақсы таниды. Қылмыс жасағандар полицейлердің ерекше бақылауында. Жергілікті «анискиннің» көмегіне мұқтаж азаматтар да баршылық. «Жұмыста көп уақыт өткіземіз, айтарлықтай қиындықтар жоқ, тек үнемі жұмыста болу керек. Учаскеде тыныш болу үшін жұмыс істеу керек. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін барлық жағдай жасалған», - дейді Станислав Алифиренко.

Петропавл қаласында 13 учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Он үшінші полиция пункті 10 жыл бұрын жаңа ықшамауданда ашылған. Бұнда 5 учаскелік полиция инспекторы қызмет етеді. Олардың барлығы бейнежетондармен, планшеттермен жарақтандырылған. Аталған техникалық құралдар жұмыстың жеделдігі мен айқындылығына септігін тигізеді. 13 аймақтық полиция пункіндегі 20 бейне камера құқықтық тәртіпті бақылауға атсалысуда. Камералар адамдар көп жиналатын орындарда, жол мен аулаларда орналастырылған.