СҚО-да Гордеевтер жас полиция әулеті Халықаралық отбасы күнін қарсы алды

СҚО-да Гордеевтер жас полиция әулеті Халықаралық отбасы күнін қарсы алды

СҚО Жамбыл ауданындағы Гордеевтер әулетінің полиция органындағы қызмет өтілі үлкен емес. 2006 жылы «Toyota Camry» автокөлігінің мас жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жүргізуші-полицей Александр Гордеев мінген қызметтік көлігімен соғылған, сол қайғылы күнге дейін ол небәрі 14 жыл ғана қызмет атқарып үлгерген. 4 жылдан бері оның ұлы полиция сержанты Антон Гордеев иығына полиция погонын тағып келеді, ол уақытша ұстау изоляторының кезекші полицейі лауазымын атқаруда. Жұбайы - Ольга Николаевна 2007 жылдан бастап аудандық полиция бөлімінің өткізу бюросында жұмыс істейді. Полицейлер әулетін кіші ұлы Даниланың жалғастыратындығы уақыттың еншісінде. Қазір ол мектепті аяқтау емтихандарын тапсыруға дайындық үстінде, заңгер мамандығы бойынша оқу орнына түсуді жоспарлауда.

«Мен өз отбасымды полицейлер отбасы деп ойлаймын, — дейді Антон Гордеев. — Бұл балалық шақтан келе жатқан арман. Мен әкемнің жұмыс орнында жиі болатынмын, мундир мен полицейлер машиналарының арасында өстім деуге де болады. Аудандық бөлім маған жаныма өте жақын және мектепті аяқтаған соң мамандық таңдауда еш бөгелген жоқпын».

Халықаралық отбасы күні Гордеевтер отбасы үшін – үстел басында бас қосып, өмірден өткен полиция старшинасын еске алатын күндердің бірі. Оны жұмысында кәсібилігі, автотехника жағынан бойындағы дарыны үшін құрметтеген. Үйінде оның жүрегіне жақын болған нысанды киімі мен кобурасы сақтаулы. «Еңбек әулетінде әкеден балаға тек қана тәжірибе емес, сонымен қатар мамандыққа деген құрмет ауысады, - дейді Жамбыл ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Асан Мейрамов. Ата-анасының жолын қуған бала кішкентайынан жұмыс күнінің тұрақсыздығын, күнделікті күйзелісті, кезекшілікті, іссапарларды, тәуекелге бел буатын кездерді көріп өседі – осының бәрі полиция қызметінің мамандықтар арасындағы ең қиыны екенін көрсетеді. Балалар қызметке деген ерекше сезімді, абыройды тез түсінеді. Біздің әрқайсымыз үшін Халықаралық отбасы күні - отбасылық құндылықтар мен ұрпақ сабақтастығын Қазақстан халқы рухының негізінде тағы бір еске салатын күн».