Батырдың Ерлігі үшін жұлдызы

Батырдың Ерлігі үшін жұлдызы

Филипп Васильевич Чижиков 1923 жылдың 1 қыркүйегінде СҚО Петропавл (қазіргі Қызылжар) ауданының Берёзовка ауылында дүниеге келген.

1942 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылады. Кіші командирлер курсын аяқтаған соң, 19 жасқа қараған шағында майданға жіберіледі. Қолына қару алып, 25-ші атқыштар гвардия Қызылту Синельников дивизиясының 81-ші полкі құрамында Воронежден Эльбаға дейін жүріп өткен. Днепрді кешіп өту кезінде қаза тапқан командирін алмастырып, взвод басшылығын өзіне алады.
Плацдармды кеңейту үшін ұрыста пулемётпен 30-дан астам гитлершілерді жойған. Осы ұрыста өзі ауыр жарақат алады. Днепропетровск госпитальінде Оңтүстік-Батыс майданы Әскери Кеңесінің мүшесі генерал-лейтенант Желтов гвардия сержанты Чижиковке Ленин орденін және Батырдың Алтын Жұлдызын табыс етті.

ІІБ қызметін СҚО-да 1946 жылы бастады, көп ұзамай КСРО ІІМ Алматы Жоғары арнайы офицерлер мектебіне 2 жылдық оқуға жіберіледі. РФ Түмен облысында қызмет атқарады, 1972 жылы жеке өтініші бойынша Воронежге ауыстырылады. 1978 жылы құрмет демалысына шығады. Воронеж қаласында жерленген.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында облыстың ІІО полицейлері мен ардагерлері атынан Берёзовка ауылында оның құрметіне обелиск орнатылды. Ашылу салтанатына СҚО ПД шақыртуымен Воронеж қаласынан баласы мен қызы және Түмен облысындағы әріптестері келді.