Ішкі қызмет майоры Мұқан Әбілмәжінов

Ішкі қызмет майоры Мұқан Әбілмәжінов
1917 жылы СҚО Совет ауданында дүниеге келген. 1939 жылы әскер қатарына шақырылған. Вологодский облысында, кейін Новгородта атқыштар полктерінде қызыл әскерде болған. Финляндиядағы ұрыстарға қатысқан. 1941 жылы 59-шы атқыштар полкінің бөлімшесіне, барлау взводына басшылық етті. Пенза миномёт училищесін аяқтаған соң 7-ші гвардиялық кавалерия корпусының атыс взодының командирі болып тағайындалған. 1-ші Белорус майданында соғысып, екі рет жарақат алған. Қызыл Жұлдыз және Отан соғысының I және I дәрежелі ордендерімен, «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Жауынгерлік ерліктері үшін» медальдарымен наградталған.

Соғыстан кейін милиция органдарында қызмет атқарды. Совет аудандық ІІБ арнайы комендатурасы комендантының көмекшісі, МҚМБ КБ жедел уәкілі - СҚО ІІМБ кадрлар бөлімінің аға жедел уәкілі болған. Сіңірген еңбегі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған. 1975 жылы нысанды киім кию құқығымен зейнет демалысына шыққан.