100 жастағы ҰОС ардагері Никита Семенов Петропавл полициясының жас офицерлерімен кездесті

100 жастағы ҰОС ардагері Никита Семенов Петропавл полициясының жас офицерлерімен кездесті

Патриотизм, тарихты құрметтеу, сабақтастық - солтүстікқазақстандық полициясының жеке құрамының тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығы және Отан қорғаушылар күні қарсаңында Департамент мұражайының қабырғасында «Ерлік сабағы» өтті. Іс-шараға жиырма жас полиция қызметкері қатысты. Құрметті қонақтар - Ұлы Отан соғысының ардагері Никита Герасимович Семенов, сондай-ақ тыл еңбеккерлері Владимир Терентьевич Ипполитов, Валентина Ивановна Волкова. Олардың әрқайсысы соғыс жылдарындағы сұмдықты бастан өткерген және бейбіт өмірде ішкі істер органдарында қызмет етуге арнаған.

Диктор Юрий Левитанның 1941 жылғы 22 маусымдағы жазбасын тыңдап, метроном қосылып, бір минуттық үнсіздікпен еске алып, қайтыс болғандарға майшам жағылды – «Ерлік сабағына» қатысушылар майдандағы атмосфераны сезінді. Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті музейінің меңгерушісі Любовь Осинская мен қор сақтаушысы Нина Бенграф көріністі тақырыпқа сай етіп, мұқият дайындады. Сонымен бірге сол жылдарға куә болғандардың естеліктері ең құнды болды. СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев атап өткендей, шын мәнінде ерекше кездесу болды: майдангер Никита Семенов өзінің естеліктерімен бүгінгі полиция қызметкерлерінің буынымен бөлісті. Соғыста Никита Герасимович мерген болған, ал бейбіт өмірде ол өзінің 20 жылдан астам уақытын милицияда қызмет етуге арнаған. Бүгінгі таңдағы тәртіп сақшылары - Ұлы Отан соғысының ардагерімен ауызба-ауыз сөйлескен соңғы буыны.

Іс-шара барысында СҚО ПД Мәдениет орталығы әскери тақырыптағы әндер шырқады. Шақырылған қонақтарға сыйлықтар табыс етілді. «Ерлік сабағы» Полиция департаменті мұражайының кинозалында, соғыстан кейін солдат шинелін милицияның погондарына ауыстырған, Ұлы Отан соғысының солтүстікқазақстандық ардагерлері туралы фильмінің көрсетілімімен аяқталды.

Қырқыншы жылдары Ұлы Отан соғысында шайқасқан 771 майдангер соғыстан кейінгі кезеңде Солтүстік Қазақстан облысында құқықтық тәртіпті сақтауға қатысқан. Мамыр олардың екеуі ғана Ұлы Жеңістің 76 жылдығын атап өтуге дайындалып жатыр: Никита Герасимович Семенов және Григорий Иванович Красильников. Жеңіс күні жылдағы дәстүр бойынша олардың әрқайсысын Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев өзі барып, құттықтайды.