Петропавл тұрғындары мектеп аумағында иттерін серуендеткен

Петропавл тұрғындары мектеп аумағында иттерін серуендеткен

Полициямен шұғыл байланыс «102» арнасы арқылы жүзеге асырылады. Алайда, бүгінгі таңда петропавлдықтар полицияға өздерінің таңдауы бойынша «102» мобильдік қосымшасы, WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы хабарласа алады. Бір жарым жыл бұрын Петропавл полицейлері арасында алғашқылардың бірі болып халықпен байланыс орнату мақсатында WhatsApp-тағы +7-708-432-46-00 арнасын ашқан сол кезде қалалық Полиция басқармасының ЖПҚ бөлімін басқарған полиция майоры Әлібек Ғабдуллин болған еді. Кейін полиция подполковнигі атағын алып, Петропавл қ. Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалғанымен, әлі күнге дейін күнделікті пайдаланатын мессенджерді ыңғайлы байланыс құралы деп білетін қала тұрғындарының хабарламаларына жауап беруде.

Мәселен, 4 мамыр күні №10 орта мектептің аумағында иттерін серуендеткен адамдарға қатысты шара қабылдау туралы өтінішімен қала тұрғыны жүгінген. Тексеріс кезінде иттерін серуендетіп жүрген алты қалалық анықталды. Олар жақын маңдағы үйлердің тұрғындары болып шықты. Оларды күндіз сол жерде мектеп оқушылары серундейтіні алаңдатпаған. Учаскелік полиция инспекторы ит пен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін бұзғандарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды.

«Бұдан бөлек, ол қала тұрғындарымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, иттерді білім беру және медициналық мекемелердің аумағында, стадиондар, саябақтар пен скверлерде серуендетуге тыйым салынғаны туралы түсіндірді, - деп атап өтті Әлібек Ғабдуллин. – Бұл балаларға арналған аумақтың ластануына әкеліп қана қоймай, иттер тұмылдырықсыз болған, бұл адамдарға шабуыл жасау қаупін төндіреді».

Жыл басынан полиция подполковнигі Ғабдуллин WhatsApp бойынша 50-ге жуық хабарлама қабылдады. Әрбір хабарлама тексерілді және құқық бұзушылық фактісі расталған жағдайда белгілі жұмыс жүргізілді. Қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары «102» мобильдік қосымшасының тиімділігін атап өтті. Ол әлеуметтік желілерге тән функциялардан тұрады, атап айтқанда, полицияға аудио, фото, бейне файлдарды жіберіп, кезекшіге бейне қоңырау шалуға болады. Ең бастысы, әрбір хабарлама автоматты түрде ресми тіркеледі, бұл келіп түскен хабарлама мен шара қабылдау арасындағы уақытты қысқартады.