«Мен мұндай полицияны ешқашан кездестірмедім!» Түркиялық жүк көлігінің жүргізушісі СҚО полицейлеріне алғыс білдірді

«Мен мұндай полицияны ешқашан кездестірмедім!» Түркиялық жүк көлігінің жүргізушісі  СҚО полицейлеріне алғыс білдірді
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қанат Теңісбаев пен Самат Данияров қызмет көрсететін Мамлютка-Қостанай тас жолының 102 шақырымында, аудан орталығы Пресновка жанында жолдың жиегінде «Volvo» ауыр жүк көлігінің тұрғанын байқайды. Жүргізуші Түркия азаматы болып шықты. Телефонындағы онлайн-аудармашының көмегімен тілдескен. Жүк көлігінің жүргізушісі отанына Петропавлдан 20 тонна зығыр апара жатқанын түсіндірген. Жолда ол ауа сүзгісі істен шыққан. Қолынан келер қайран болмаған. Осы тұста полицейлер көмекке келген: бөлшекті суретке түсіріп, Петропавлдағы таныстарына жолдайды. Олар такси жүргізушісінен жаңа сүзгіні беріп жіберген. Түркия азаматын полицейлердің өтініші бойынша оқиға орнына келген ТЖ қызметкерлері қонақ үйге апарады, ал тәртіп сақшылары түні бойы жүк көлігін күзетеді. Келесі күні таңертең шетелдік қонаққа жөндеу жұмыстарын аяқтауға көмектеседі. «Мен қанша жолда жүрсем де, мұндай полиция қызметкерлерін ешқашан кездестірмедім, тез көмекке келеді деп күтпеген де едім. Шексіз алғыс білдіремін!» - деді аударма бағдарламасының көмегі арқылы өз ойын жеткізген шетелдік.

«Қала сыртындағы жолдарға қызмет көрсету кезінде батальон қызметкерлері қиын жағдайға тап болған әр адамға көмек көрсетуге бағдарланады, — дейді СҚО ПД ППБ командирі полиция подполковнигі Ерлан Мәдиев. «Адамдар тарапынан білдірілген алғыс — қызметкерлердің құқықтық тәртіп пен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттерін одағыдай орындауына берілген баға».