Бораннан кейінгі маңызды көмек - Петропавл полицейлері ардагерлерге барып қайтты

Бораннан кейінгі маңызды көмек - Петропавл полицейлері ардагерлерге барып қайтты
Петропавл полицейлері қызметтен бос уақыттарында Ұлы Отан соғысы және ішкі істер органдарының ардагерлері Григорий Красильников пен Никита Семёновтің және тыл еңбеккері Кристина Горлованың, ҰОС ардагерлерінің жесірлері Варига Әбілмажинова мен Анна Милютинаның үйлеріне барып қайтты. Жеке меншік үйде тұратын Анна Григорьевнаның үйіне тәртіп сақшылары күректерін ала келді. Қаланы соғы күндері түскен қалың қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде, осы ретте әжейдің ауласын қардан тазалау әбден қажет болатын.

Соғыс және полиция ведомствосының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсету - бұл біздің қызметіміздің ажырамас бөлігі, - дейді СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев. Бұл сенбілік Алғыс айту күні қарсаңында өткізілді, алайда зейнеткерлерге жыл бойы көмек көрсетіледі. Қызметкерлер мереке күндері де, жұмыс күндері де барып тұрады, қажет болған жағдайда материалдық қолдау көрсетіледі. Алғыс айту күні қарсаңында ұрыс алаңдарында асқан ерліктерімен, тылдағы қажырлы еңбектерімен жеңіс пен бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерімізге шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді. Бүгінгі күні ардагерлеріміздің арасы сиреп барады, сондықтан әрқайсысымыз біздерге бейіт өмір сыйлау үшін көрсеткен ерліктері үшін алғысымызды игі істерімізбен білдіруге қуаныштымыз.