Петропавл полицейлері спорттық киім ұрлаған күдіктілерді ұстады

Петропавл полицейлері спорттық киім ұрлаған күдіктілерді ұстады

Петропавлдағы сауда үйлерінің біріндегі «Спорт-мастер» дүкенінің қызметкерлері ерлер жейдесінің, шалбар мен футболканың жоғалғанын анықтаған. Шығын сомасы 32 мың теңгені құрады. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу нәтижесінде петропавлдық жедел уәкілдер 20 және 21 жастағы екі қалалықтың ізіне түсті. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Полицейлер әрқайсысының қылмыс жасауға қатыстылығын тексеруде. Ұрланған заттар алынды, тергеу амалдары аяқталған соң иесіне қайтарылатын болады.

«Екі жігіт те бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. полицияның есебінде тұрмаған, - дейді Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Дархан Зияфиддин. – Ақпан айында басқа да ұқсас жағдайлар орын алды: электроника дүкендерінің бірінің сөресінен құны 35 мың теңге тұратын компьютерлік тінтуір, киім-кешек дүкенінен: 6500 теңгедей тұратын ерлер курткасы, фирмалық дүкеннен: 17 000 теңгенің «Braun» ұстарасы жоғалған. Күдіктілер кезекші тәуліктің ішінде ұсталды. Жалпы, қазіргі кезде техникалық жарақтандырылудың, күзет ұйымдарымен және бизнес объектілерінің қауіпсіздік қызметтерімен өзара тығыз іс-қимыл жасасудың арқасында, қолсұғушылықтан қорғану жүйесі бір жолға қойылған, сауда нүктелерінде қылмыс жасау әлдеқашан мәнін жойған: ұрлықтардың басым бөлігі «ізін суытпай» не қысқа мерзімде ашылып жатады».