Террористік ұйымдардың ықпалынан қалай сақтану керек?

Террористік ұйымдардың ықпалынан қалай сақтану керек?

Террористік ұйымдардың ықпалынан қалай сақтану керек? Жалған діни көзқарастан қалай қорғануға болады? Террористік сипаттағы қауіп туындаған жағдайда өз-өзін ұстауы және экстремистік, террористік сипаттағы қылмыс жасағаны үшін қандай қылмыстық-құқықтық жауапкершілік көзделген?

Бұл туралы СҚО полицейлері М. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан облысы университетінің агротехнологиялық факультетінің 1 және 2 курс студенттерімен сұхбаттасу кезінде сөз қозғады. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мұндай сабақтарды тұрақты түрде өткізеді.

Карантиндік шектеулерге байланысты алдын алу жұмысы онлайн форматқа көшті: Zoom бейнеконференциясының көмегімен онлайн режимінде "Терроризм және интернет" тақырыбына диалог өтті.