СҚО Қызылжар ауданының полицейлері орманда адасқан ауыл тұрғынын тапты

СҚО Қызылжар ауданының полицейлері орманда адасқан ауыл тұрғынын тапты

Жоғалған бұзауын іздеуге шыққан Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ауылдардың арасында адасып кеткен. Бұл жайында ол туыстарына хабарлаған, кейін олар Қызылжар ауданының полиция бөліміне жүгінген. Прибрежное ауылының 46 жастағы тұрғыны жоғалған малын іздеу үшін таңғы 7-лер шамасында үйінен шығып, елді мекеннен алыстап кеткенін де аңғармай қалған. Өз бетімен үйіне барар жолды таба алмаған. Біргеше сағат бойы адасқан ол көмекке жүгінген.

Адасып қалған ауыл тұрғынын Қызылжар ауданының полиция және ТЖБ қызметкерлері іздеуге шыққан. Жедел уәкілдер, учаскелік инспектор мен қызметтік-іздестіру итімен бірге кинолог ізге түсті. Екі сағат бойы шырмалған ізбен жұмыс істеу нәтижесінде полицейлер ер адамды тапты. Сол уақытта олардың әріптестері еріктілер мен аумақты салт атпен шолуға мүмкіндігі бар жергілікті тұрғындардың көмегіне жүгінді. Абырой болғанда олардың көмегі қажет болған жоқ. «Күн суық болды. Ең бастысы, оның бізбен хабарласып отыруы маңызды болды. Біз оған ұялы телефонының қуатын сақтау үшін оны жылы жерде ұстауын сұрадық», - дейді ауылдан 15 шақырым ұзап кеткен тұрғынды тапқан жедел уәкілдер. Ауыл тұрғынын іздеудің соңы сәтті аяқталған соң, криминалдық полицияның қызметкерлері полиция аға лейтенанттары Рустам Әубәкіров пен Қуаныш Жансейітов бұзауды іздеуді жалғастырған. Иесімен бірлесіп, бұзауды қамыс арасынан тапқан.