Петропавлдық учаскелік полиция инспекторлары жалғыз тұрып жатқан 900 астам зейнеткердің үйінде болды

Петропавлдық учаскелік полиция инспекторлары жалғыз тұрып жатқан 900 астам зейнеткердің үйінде болды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасында қыркүйектің алғашқы күндері облыс аумағында бастау алған «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытыныдысы шығарылды.

Соңғы 85 күн ішінде: қыркүйектің 7-сі мен желтоқсанның 1-і аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде солтүстікқазақстандық учаскелік полиция инспекторлары өз әкімшілік учаскелеріндегі аула-аулаларды тексерді. Операцияның басты мақсаты - облыстың кез келген тұрғынының өз учаскелік полиция инспекторын жақсы тануы үшін әр үйде, әр пәтерде болып, байланыс нөмірлерін қалдыру.

Мәселен, Петропавл қ. Полиция басқармасының қызметкерлері «Учаске» ЖПІШ барысында облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің 76 900 пәтерін және 14 279 жеке меншік үйді тексерген. Соның барысында қалада 934 зейнеткердің жалғыз тұрып жатқандығы белгілі болды. Зейнеткерлермен алаяқтар мен интернет-алаяқтардың құрбанына айналмау үшін профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Жалпы, СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев нақтылап кеткендей, учаскелік инспекторлары үшін облыс 289 учаскеге бөлінген, онда 89800 көпқабатты үйлер мен 12569 жеке меншік үйлер орналастқан. 211500 астам үйлер тексерілді. Тұрғылықты жері бойынша ІІО есебіндегі 5664 тұлға тексерілді, оның 862-сі бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар. Облыс бойынша 7553 азаматтық қару иесі ішкі істер органдарында есепте тұр, олар да тексерілді. Тексеріс кезінде қаруды сақтау ережелерінің 101 бұзушылығы анықталып, 17 ұңғы алынды. Соңғы 85 күн ішінде барлығы 11539 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның екі мыңнан астамы алкогольдік ішімдіктер ішу, немесе масаң күйде қоғамдық орындарда жүру.

«Учаске» ЖПІШ 12 айда бір-ақ рет өткізіледі, биылғы жылы облыс орталығында жаңашылдық сыналды: «тірек» пункттерінің мекенжайлар, байланыс телефондары, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының суреттері әлеуметтік желілердегі облыстық және қалалық полицияның ресми парақшаларында жарияланды.