Жыл басынан СҚО-да 6 мыға жуық жүргізуші жылдамдықты асырған

Жыл басынан СҚО-да 6 мыға жуық жүргізуші жылдамдықты асырған

11 айда облыс жолдарында жол жүрісі ережесін бұзудың 49 847 фактісі анықталды. Масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін 986 жүргізуші ұсталды. 75 адам қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетуге жол берген. Сондай-ақ өрескел бұзушылықтардың қатарында – белгіленген жылдамдықты асыру да бар, ережені бұзған 5899 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Полицейлер жылдамдықты асыру және маневр жасау қағидаларын сақтамау жол-көлік оқиғаларының жасалуына жиі себеп болатынына тоқтала кетті. Жүргізушінің көңілін бөлетін, рөлде келе жатып телефонмен сөйлесу жиі кездеседі. Осындай 2352 факті тіркелген. 5089 көлік жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпауға жол берген, мұндай жағдайда ЖКО кезінде зардаптың ауырлығы арта түседі.

«Қыс кезінде апат тәуекелі арта түседі, бұған себеп көктайғақ, сырғыма, боранның әсерінен көру аймағының шектелуі, сондықтан жүргізушілердің жолда аса сақ болғаны жөн, — дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. — Көктайғақ кезінде ең басты ереже — жылдамдық режимін сақтау және арақашықтықты ұстап отыру. Бастысы сақтанып, жылдамдықты рұқсат етілген шегіне дейін жеткізбей, шешім қабылдау үшін уақыттың жеткілікті болуын ескерген дұрыс. Әсіресе, жаяу жүргіншілер жолағына жақындаған кезде жылдамдықты азайту аса маңызды».

Полицейлер өткізген бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауға және апатты азайтуға бағытталған. ЖЖЕ бұзып, өзінің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірін тәуекелге тігетін жүргізушілерді анықталуда.

Сонымен қатар, полицейлер қыста жолға шығар алдында тросс, кілттер жинағы, қосалқы доңғалақ, сорап және басқа да қажетті құрал-жабдықтарды алып жүруге кеңес береді.