СҚО-да қызметтік ит ұрланған қояндарды табуға көмектесті

СҚО-да қызметтік ит ұрланған қояндарды табуға көмектесті

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның ПБ-не 28 қараша таңғы сағат 6 шамасында қорасынан 25 қоянының жоғалғанын анықтаған 67 жасар ауыл тұрғыны жүгінген. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы мен жедел-тергеу тобы келіп жетті. Жедел-тергеу топ құрамындағы инспектор-кинолог полиция аға лейтенанты Өмірсерік Бірім Арамис атты қызметтік-іздестіру итін пайдаланды. Неміс овчаркасы полицейлерді 22 жасар жігіт тұрып жатқан көрші үйге алып келді. Тәртіп сақшылары оның қорасынан ұрланған жануарларды анықтады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 18-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліді. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы қабылданды. Ұрланған жануарлар алынып, иесіне қайтарылды.

«Ұрлықтың шығыны 75 мың теңге –зейнеткер үшін бұл айтарлықтай қаражат, - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Марат Әлжанов. – Шаруашылығын дөңгелетіп отырған ауылдықтарға қора-қопсыларына мықты тиектерді пайдалануға кеңес береміз. Ұрлық жасалған жағдайда дереу полицияға хабарлау қажет. Уақтылы хабарлау - қылмысты «ізін суытпай» ашу мүмкіндіктерін арттырады».