СҚО-да 9 полицейкерге жаңа арнайы атақ берілді

СҚО-да 9 полицейкерге жаңа арнайы атақ берілді

Солтүстік Қазақстанда лейтенанттан подполковникке дейінгі 9 полицейге жаңа арнайы атақ берілді. Олардың қатарында байланыс инженерлері, тергеушілер, патрульдік полиция, арнайы жедел әрекет ету жасағы және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері бар.

Жаңа погондарды тәртіп сақшылары облыстық полиция департаментінің бастығы Руслан Назаровтың қолынан алды. Облыстың бас полицейі әр офицерді құттықтап, әрбір арнайы атақ қоғам алдындағы жоғары жауапкершілікті білдіретінін атап өтті.

Біреулер үшін бұл – алғашқы офицерлік погон, енді біреулер үшін ішкі істер органдарындағы қызмет жолының кезекті кезеңі. Полиция қызметкерлеріне тұрақты ақшалай қамтылым, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы және отбасы мүшелеріне де қатысты әлеуметтік кепілдіктерді қамтитын бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

Өз өмірін «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету жолындағы қызметпен байланыстыруды қалайтындар бос жұмыс орындарымен qyzmet-police.kz интернет-платформасында таныса алады. Тіркелгеннен кейін сервис кандидаттың біліміне сәйкес келетін бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктейді. Мұнда өтініш те беруге болады.

Сондай-ақ үміткерлер тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне немесе Петропавл қаласындағы СҚО ПД жеке құрам жөніндегі басқармасына жүгіне алады. Мекенжайы: Алматы көшесі, 55. Телефондар: 8 (7152) 612-612, 61-26-57.