Полицейлер мен «Қазахавтодор» қызметкерлері СҚО-да тас жолда жанармай таситын көлік жүргізушісіне көмектесті

Полицейлер мен «Қазахавтодор» қызметкерлері СҚО-да тас жолда жанармай таситын көлік жүргізушісіне көмектесті

Қостанай қаласының тұрғыны, «КамАЗ» жүргізушісі Игорь Моисов Солтүстік Қазақстан облысының полициясына патрульдік полицейлердің жолда көмектескен жедел әрекеттеріне ризашылғын білдіріп, қоңырау шалды. Ол 29 қараша күні кешке жанармай таситын көлігімен Қостанайдан Омбыға қарай кетіп бара жатқан. Мамлютка-Қостанай жолында, Пресновка ауылына жақын жерде жүк көлігі кюветке шығып кетеді. Абырой болғанда цистерна бос болған. Жүргізуші аман-есен, ол бірден «102» арнасына қоңырау шалады. Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының экипажы Әміржан Тақкужин мен Сергей Полуянов барды. Жағдайды анықтағаннан кейін полицейлер «Казахавтодор» ЖШС облыстық филиалының N67 жол пайдалану учаскесінің бастығы Вадим Бикиннен көмек сұрайды, ол ауыр техника бөлген. Көп ұзамай ДЭУ қызметкері Владимир Крейс трактормен көмекке келді, содан соң жанармай таситын машина сапарын жалғастырды. Патрульдік полицейлер осы уақытта қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрды.

«Біздің өңіріміздегі ауа райы жағдайында «Казахавтодор» ЖШС жұмысшылары мен ауылдық жерлердегі ЖШС басшыларының көмегі баға жетпес көмек болып отыр, - дейді СҚО ПД Патрульдік полиция батальонының командирі полиция подполковнигі Ерлан Мәдиев. - Олар көмектен ешқашан бас тартқан емес, батальон қызметкерлері жағдайды өздері шеше алмайтындай жағдай болса, қарға немесе жаңбырға қарамастан, кез-келген уақытта көмекке келеді. Тәртіп сақшылары тұрғындардың көрсеткен көмектерін жоғары бағалайды, яғни бұл құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мақсатымыздың бір екендігін көрсетеді».